Оның айтуынша, бедеулік - бұл көбінесе алдын алуға болатын ауру, бұл қымбат, өте күрделі және әрдайым сәтті бола бермейтін емнің қажеттілігін азайтады.  


«Бұл ретте жасөспірімдер мен жастарды жыныстық ағарту бағдарламалары, ЖЖБИ алдын алу мен емдеу, сондай-ақ, мінез-құлық тәуекелдерін төмендету үшін салауатты өмір салтын насихаттау, қауіпті түсік тастаулардың, босанғаннан кейінгі асқынулардың алдын алу және бедеулікке әкелетін уытты заттардың әсерін азайту бойынша шаралар қабылдау бірінші кезектегі міндеттер болып табылады. ДДСҰ отбасын жоспарлау саласындағы жоғары сапалы қызметтерді, соның ішінде бедеулікті емдеу қызметтерін ұсыну репродуктивті денсаулықты қорғаудың негізгі элементтерінің бірі екенін мойындайды. ҚРТ әлемде қырық жылдан бері қолданылып, ЭКҰ нәтижесінде 5 миллионнан астам бала дүниеге келгенімен, бұл технологиялар көптеген елдерде әлі де қол жетімді емес.  


Қазақстанда 1995 жылдан бастап 85 мыңға жуық ерлі-зайыпты ҚРТ әдістерімен емделді. Қазіргі уақытта «түтікшеден» 25 мыңнан астам бала дүниеге келді, елде 27 экстракорпоралды ұрықтандыру орталығы жұмыс істейді. Бала туу фактісі бойынша емдеу тиімділігінің көрсеткіші (take baby home) 30% деңгейінде, бұл ең жақсы еуропалық клиникалардың көрсеткішіне сәйкес келеді. Қазақстанның және отандық денсаулық сақтаудың қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігіндегі маңызды жетістігі деп 2010 жылдан бастап республикалық бюджет қаражаты есебінен ҚРТ әдістерімен бедеулігі бар пациенттерді емдеудің мемлекеттік бағдарламасын енгізуді айтуға болады. Оны іске асыру үшін елімізде заңнамалық негіздер, нормативтік-құқықтық актілер, клиникалық хаттамалар бар», - деді спикер.  


Осылайша, 2010 жылдан бастап ТМККК шеңберінде ҚРТ-ның 9 мыңға жуық бағдарламасы қаржыландырылды, нәтижесінде 3 мың бала дүниеге келді.