Оның айтуынша, қазіргі заманғы отбасы жаһандану жағдайында қайта құру процесін бастан өткеруде, бұл өмірдің батыстық үлгісіне қазіргі ұрпақтың еліктеуінен көрінеді. Мысалы, отбасының құрамы өзгерді, отбасы ұғымының өзі өзгерді, қазақ жастарының некеге тұру жасы ұлғайды, бала саны азайды, ажырасулар көбейді, толық емес отбасылар мен үйленгісі келмейтіндер саны артты, баласыз идеология қалыптасу байқалды; азаматтық некелердің саны өсті; ата-аналар мен балалар арасындағы эмоционалдық байланыста үзіліс бар, өйткені гаджеттер бұл байланысты ауыстырды; «Әйелдің еркекшілдігі», «еркектің әйелденуі» «әке» және «ана» институттарының өзгеруіне әкелді. 

 
«Сондай-ақ, коронавирустық пандемия – COVID-19 және одан кейінгі шаралар қазақстандықтар үшін нағыз сынақ болды. Бір жағынан, індет отбасылық қарым-қатынастардағы проблемалардың катализаторына айналса, екінші жағынан, отбасы мен неке құндылығын қайта қарауға мәжбүр етті. Отбасы институтын зерттеу көрсеткендей, қазақстандық отбасылардың көпшілігі пандемиядан ауыр зардаптарсыз шықты, сонымен қатар әрбір үшінші отбасы оң тәжірибені игеріп, отбасылық қарым-қатынастары жақсарды. Әрбір оныншы отбасында ұрыс-керіс, реніш азайып, әрбір бесінші отбасыны бір-бірін жақсы түсініп, ынтымағы жараса бастады. 
Пандемия кезінде отбасылық қарым-қатынастардың нашарлауына әсер ететін жағымсыз факторлардың ішінде жасырын отбасылық дағдарыстардың күшеюін, балалық шағында алған жасырын психологиялық жарақаттардың актуализациясын, отбасындағы жанжалдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, туыстарымен толық қарым-қатынастың болмауы, мазасыздық, қорқыныш сезімі, болашаққа сенімсіздік, табыссыз қалу, отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауы бар. Бірақ бар проблемаларға қарамастан, адам гуманизмі мен адамгершілікті қалыптастыру процесінің негізі отбасында қалыптасады. Отбасы – адамның басты тірегі, тәрбиенің негізгі көзі. Ол жас ұрпақты тәуелсіз ересек өмірге дайындап, экономикалық және зияткерлік белсенділік қабілетін дамытуы керек», - деп атап өтті спикер. 


«Рухани Жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтының зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандық ата-аналар балаларына үлкенді сыйлау (61,3%), еңбексүйгіштік (61%), өзін-өзі бағалау (43%), өзіне деген сенімділік (37,6%), әділдік (25,9%), сияқты құндылықтарды сіңіреді. Сонымен қатар, қазақстандықтар Ата-аналар өз балаларын әділеттілікке, патриотизмге, парасаттылыққа, жауапкершілікке, қиын жағдайларға бейімделе білуге тәрбиелейді. 


«Әлемдік жаһандану кезеңінде әр халық өз ұлтын, дінін, тілін, мәдениетін, тарихын барынша сақтауға ұмтылады. Жалпы, кез келген елдің бірлігі мен берекесі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды қастерлеуге байланысты. Сондықтан бүгінгі таңда біздің алдымызда жаһандану жағдайында ұлттық құндылықтарды сақтау және нығайту міндеті тұр. Мінез-құлықтың негізгі қағидалары отбасында қаланады, сондықтан отбасылық саясаттың ұлттық моделін құрудың негізі тұлғаның қалыптасуына үлкен әсер ететін рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделуі керек.  
Осыған орай, қазақстандықтардың бойында өз еліне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрі мен тұрмысына деген мақтаныш пен адалдық, Отан алдындағы адамгершілік парызында көрініс табатын отбасына деген сүйіспеншілік пен құрметте көрінетін шынайы патриоттық сезімді қалыптастыру бойынша мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары және жалпы қоғам деңгейінде кешенді жұмыс қажет.  
Қазақ отбасыларында «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөз кең тараған. Осы қағида бойынша қазақ отбасында отбасылық құндылықтар мен бала тәрбиесінің негіздері берілді. Осылайша, үлкендер жастардың өмір жолын қалыптастырып, одан көне дәстүр негізінде қалыптасқан дұрыс мінез-құлықты талап етті», - деп қорытты Ракишева.