«Коронавирус жағдайына тоқталсақ, жыл басынан бері облыста COVID-19 жұқтырудың 40 169 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта 21 стационарда 402 пациент емделуде, жүктеме 22%. 
COVID-19-ға қарсы вакцинация белсенді жүргізілуде. Бірінші компонентпен 342,1 мың адам немесе 67,7% егілді, 319,5 мың адам немесе 63,3% вакцинаның екінші компонентін алды», - деді облыс басшысы. 
Ағымдағы жылы білім беру саласын қаржыландыру көлемі 128,8 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылдан 11,7% - ға артық.  


«Негізгі міндеттердің бірі - оның барлық деңгейлерінде ыңғайлы оқу жағдайларын жасау, соның ішінде компьютерлік паркті жаңарту. Былтыр ол 21 мың бірлікке және 3 мың модем мен Wi-Fi маршрутизаторларына толықтырылды. Нәтижесінде, оқушылар мен педагогтар компьютерлермен 100% қамтамасыз етілді, ал 1 компьютерге шаққандағы оқушылар саны 7-ден 4 адамға дейін төмендеді. Айта кетейін, облыста апатты және үш ауысымды мектептер жоқ. Биыл 85 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жүргізілді. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету мәселелері толықтай шешілді. Облыстың барлық жалпы білім беретін мектептері кең жолақты Интернетке қол жеткізді. Жаңғырту аясында облыстың жалпы білім беретін мектептері спорттық жабдықтармен жарақтандырылды, оқушылар жиһазы жаңартылды, 18 бірлік автокөлік сатып алынды, блокты-модульді қазандықтар орнатылды, сондай-ақ 36 пән кабинеттері мен STEM зертханалар сатып алынды», - деді өңір әкімі.  


Сонымен қатар, спорт объектілерінің құрылысына биыл жалпы, 6,8 млрд теңге бағытталды, Нәтижесінде спортпен қамтылған халықтың саны 35% жетті.