Резервшілердің басым бөлігінде экономиканың түрлі секторларында қызмет ететін жетекші шетелдік және жеке қазақстандық компанияларда жұмыс істеу тәжірибесі бар. 


«13 адам – квазимемлекеттік секторда жұмыс істейтін адамдар, 18 адам – жеке сектор өкілдері, 19 - мемлекеттік қызметшілер. Бұл ретте 24 адамның басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар. Өңірлік бөліністе резервшілердің басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан және Павлодар облысынан ұсынылған. Резервке алынған тұлғалар арасында Бельгияда тұратын Қазақстан өкілі бар. Ол елшінің хатшысы болып жұмыс істейді. Орташа жас - 30. Бұл ретте ең жас резервист 25 жаста. Резервке алынған адамдар Президент жанындағы уәкілетті комиссияның шешімі бойынша «А» корпусының саяси, әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшы лауазымдарына және «Б» корпусының А санаты тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Резервшілерді Мемлекеттік қызметтің жоғары лауазымдарына тағайындау дәйекті мансаптық өсу жолымен жоспарланады. Агенттік резервшілердің одан әрі мансаптық ілгерілеуіне мониторинг жасайтын болады. Резервшілермен өзара іс-қимылды күшейту мақсатында талқылау үшін өзекті мәселелерді алдын ала жинай отырып, олармен кемінде 2 айда бір рет кездесулер ұйымдастыру ұсынылады. Бұл жұмысқа орналастыру, одан әрі дамыту, әлеуметтік маңызы бар жобалар үшін әлеуетті пайдалану. Аталған жұмысты орталықта ғана емес, өңірлік деңгейде Агенттіктің аумақтық департаменттерін тарта отырып жүргізу ұсынылады. Сонымен қатар, резервшілерді оқыту үшін арнайы оқыту курстарын, сондай-ақ тәлімгерлікті ұйымдастыруды әзірлеу мүмкін деп санаймыз», - деді агенттік басшысы.