«Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан алаңын өзгертіп, күнделікті қолдану. Мүнде музыканттар, актерлер өнер көрсетуі мүмкін. Ақтау қаласындағы ерекше нысан - Шевченко сквері. Бұл қала орталығын теңіз жағалауымен қосатын көше. Бұл жерде түрлі спорт алаңдарын, балалар ойнайтын алаңдар, бизнес нысандарын, тағамдандыру, түрлі заттар сатылатын нысандар салу, адамдар жай жүріп өтпей, осы жерде тоқтап, демалысын өткізуге бейімдеу ұсынылды. Бұдан бөлек, қаланың шағын аудандарын жағалаумен байланыстыратын төрт теңіздік бульвар жасау. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер променадтары жасалады. Орталық даңғылда тұрақтар ретке келтіріліп, адамдар демалатын орындар жасау, 2 км аймақта жаяу жүргіншілер аймағын құру ұсынылды», - деді  Балқыбеков.  


Оның айтуынша, қаладағы ботаникалық саябақ реконструкциядан өткізу, «Ақбота» атракцион паркінің туристік әлеуетін дамыту көзделген. Каспий университетінің алдындағы сквер Ақтау қаласының ориентикасына сай дамытылмақ.   


«Ең басты ұсыныстарымыздың бірі – «Домбыра» архитектуралық құрылысы. Бұл Шевченко скверінің жалғасы және Ақтау қаласының ерекше символы болады. Биіктігі - 100 м. Біріншіден, домбыраның астында күнделікті әртүрлі өнер адамдары туристерге, жергілікті халыққа өз өнерлерін паш ететін амфитеатр болады. Екіншіден, Шевченко скверіне жалғасқан аспалы жүргіншілер көпірі болады. Оның бір бөлігі теңізге, оң және сол жағынан жағалауға, ал шетінен бүкіл теңіздің көрінісін тамашалауға болады. Сондай-ақ, Ақтау өңірінде креативті экономиканы дамыту жоспарланған. Жастар жиналатын колледждерді, оқу орындарын реконструкциядан өткізіп, кішігірім креативті хабтар құрылады. Әртүрлі жастағы балаларға арналған алаңдар салынады. Түрлі қызығушылықтар бойынша спорт алаңқайлары құрылады. Айта кетейік, Ақтау қаласының теңіз жағалауында орналасуы триатлон спортын дамытуға өте қолайлы», - деді спикер.  


Бұдан бөлек, қалада ғимараттарды жарықтандыру арқылы кешке олардың әсемдігін, ерекшеліктерін көрсету ұсынылды.