«Ұсынылып отырған шараларды толыққанды іске асыру үшін энергетика министрлігіне тиісті құзырет беру және энергия өндіруші ұйымдар тарапынан қарсы міндеттемелер енгізу жолымен жүргізілетін жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау жүйесі жетілдірілетін болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Энергобаланс әзірленді, оған сәйкес 2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну шамамен 153 млрд кВтс құрайтын болады. Бұл ретте бүгінде бірқатар объективті себептер бойынша қолданыстағы энергия көздерін өндіру төмендейді және 89 млрд кВтсағ-тан кем болады. Максималды электр жүктемесі 2035 жылға қарай 22,7 ГВт деңгейіне жетеді. Қуат резервін 10%-ға дейінгі көлемде қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, 2035 жылға қажеттілік шамамен 25 ГВт құрауы мүмкін. Осылайша, жұмыс істеп тұрған энергия көздері халықтың және экономиканың электр энергиясына болжамды қажеттілігін жаба алмайды. Осыған байланысты, 2035 жылға қарай жаңа өндіруші қуаттарды іске қосуды қамтамасыз етуді талап етіледі. Сонымен қатар, генерациялау секторына экологиялық әсерді төмендету, оның ішінде парниктік газдар шығарындыларын азайту, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша қабылданған міндеттемелер бойынша бірқатар факторлар әсер ететінін атап өту қажет. Осыған байланысты энергия теңгерімі дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерінің қуатын арттырумен қатар АЭС-тен генерацияны енгізу сценарийін қарастыруда», - деп атап өтті спикер. 


Тұтастай алғанда, 2035 жылға қарай іске қосуға қажетті жаңа энергетикалық қуаттардың құрылымы мынадай: 6,5 ГВт жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалану объектілері; газ генерациясы 5 Квт жоғары; 2 ГВт жоғары су электр станциялары; 1,5 ГВт көмір генерациясы; сондай-ақ 2,4 ГВт атом генерациясы. 


Бұл энергия жүйесінің шектес мемлекеттердің энергия жүйелерін реттеуден тәуелсіздігін қамтамасыз ете отырып, базалық та, реттеу де қуатының тапшылығын жабуға мүмкіндік береді.