Оның айтуынша, негізгі стратегия - азаматтарға сапалы полиция қызметін көрсету және қоғаммен серіктестікте қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешу. 

«Әлемде сервистік полицияның бірыңғай моделі жоқ, бірақ ортақ қағидаттар бар – бұл танымалдық, қолжетімділік, тілектестік, ашықтық және есептілік. Бұл қоғамның заманауи қажеттіліктері. Бұл үміттерге сәйкестік дәрежесі көбінесе биліктің өзара іс-қимылы мен сенім деңгейін анықтайды. Әрине, басты мемлекеттік орган – полиция. Дәстүрлі және сервистік полицияның айырмашылығы неде? Дәстүрлі полицияда басты мақсат қылмысқа қарсы күреске бағытталған, ал басқару стилі орын алған құқық бұзушылықтарға ден қою болып табылады. Тиісінше, қылмыс пен құқық бұзушы объектілерге айналады, ал көрсеткіштер – айыппұлдар, қамауға алу және айыптау түріндегі жазалау шараларының саны. Сервистік модельде миссия қауіпсіздік сезімін қамтамасыз етуде және құқық бұзушылықтардың алдын алуды құрайды. Мұнда азаматтар мен қауымдастықтар басты назарда болады, ал тиімділік көрсеткіші - халықтың полицияға деген сенімі мен қылмыстар саный, - деп атап өтті ІІМ өкілі.