Ол фонетикалық айырмашылықтарға,  тілдің көп тараған түрлеріне тоқталды. Соңғы онжылдықтарда Канада әлемнің түкпір - түкпірінен - Батыс Африка, Марокко, Алжир, Гаитиден француз тілді иммигранттарды қабылдады... 


«Бұл иммигранттар біздің елге өзінің ерекше француз тілімен келеді. Ол олардың мәдениетін, тарихын бейнелейді. Канадалық француз тілі француз тілі мен карей тілінің қоспасы ретінде жасалған ерекше тілді қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Канада франкофония ұйымының мүшелері - Қазақстандағы елшіліктермен ынтымақтасуға қуанышты екенін атап өткіміз келеді. Франкофония 50 жылдан астам уақыт бойы бейбітшілікті, демократияны, адам құқықтарын және тұрақты дамуды қолдап келеді. Сондай-ақ, кез келген қоғамдағы әйелдер мен жастардың басты рөлін атап өтеміз», - деді елші. 
Биыл Канада мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл болады.


«Канада Қазақстанмен әріптестік пен ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге үмітті, оның ішінде франкофония ұйымының мақсаттары арқылы. Біз жас қазақстандықтардың француз тілін үйренуге, сондай-ақ франкофон қоғамдастығы мәдениеттерінің алуан түрлілігімен танысуға көбірек қызығушылық танытатынына қуаныштымыз. Канада да франкофондарға оқу үшін қызықты мүмкіндіктер ұсынады», - деді Хэмсон әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды мұқият бақылауға шақыра отырып.