Оның мәліметінше, өткен жылы тергеу органдарының 420 000 қаулысы прокуратура фильтрінен өтіп, нәтижесінде сапасы артты. Тергеуге қайтарылған істердің саны төрттен бірге азайды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын едәуір бұзу қысқарып келеді: 2020 жылы - 40%, биыл - 17%. 

«Биылдан бастап үш буынды модельге көшудің екінші кезеңіне өтеміз. Енді аса ауыр санаттағы істер бойынша айыптау актілерін прокурорлардың өздері жасайды. Жалпы, жаңа тәжірибе қалыптасты, үш буынды модель үздіксіз жұмыс істейді. Қаңтардағы оқиғалар аясында азаптауға және қатыгездік танытудың басқа да түрлеріне қарсы күрес мәселелері әлдеқайда өткір тұр. Бүгінгі таңда осы фактілер бойынша 280 қылмыстық іс қозғалды, арнайы органдар мен полицияның 9 қызметкері қамауда. Объективтілік үшін бұл істер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен арнайы прокурорлардың өндірісінде. Қазір осы істер бойынша дәлелдемелерді жинау және бекіту бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде. Азаптауларды тергеп-тексерудің ерекшелігі мен дәлелденбейтіндігін ескере отырып, мұнда жүйелі тәсіл қажет деп санаймыз. Сондықтан мемлекет басшысы жақындағы Жолдауында азаптауларға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты прокуратура органдарына жүктеді. Қазір біз заңнамалық түзетулердің тиісті топтамасын дайындап жатырмыз», - деп атап өтті қадағалау органының өкілі. 


Сонымен қатар, прокурор тергеу органдарының, анықтау органдарының уақытша ұстау изоляторлары мен қызметтік үй-жайларын күн сайын тексереді. Полиция бөлімшелерінде 285 кезекші прокурор бар, олардың қылмыстық және әкімшілік саладағы азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыс стандарты бекітілді. Сондай-ақ, БП бастамасымен барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде былтыр келушілердің электрондық есебі енгізілді.  


Биыл прокурорлар құқық қорғау органдарына заңсыз жеткізілген 380 адамды босатты. Президенттің тапсырмасы бойынша жаппай бейнебақылау жүйесі енгізілуде. Өткен жылы құқық қорғау органдарының қызметтік кабинеттерінде 18,5 мыңнан астам бейнекамера орнатылды.