Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілерді қажетсіз есептер жасау жұмысынан босату стратегиялық міндеттермен және азаматтармен жұмыс істеуге уақыт береді.


«Қазір мемлекеттік органдар арасындағы құжат айналымының 80%-дан астамы - ресми сипаттағы хат алмасу, есептерді толтыру. Жарлық корпоративтік мәдениетті өзгертуге, ведомстволар арасындағы сенімді арттыруға, көлденең байланыстарды нығайтуға бағытталған. Хатты бір мемлекеттік органнан екінші мемлекеттік органға жіберу үшін бүгін кем дегенде бір күн кетеді, өйткені процесс ведомстволар ішінде 5-6 деңгейден өтеді», - деді вице-министр.


Ол есептерге талдау жүргізгеннен кейін мемлекеттік органдар бір-бірінен 500 түрлі есеп сұрайтынын атап өтті. Көп бөлігі бір көрсеткіштерді қайталайды.


«Мамандар әр түрлі мемлекеттік органдарға арналған формаларды толтырады. Бір-біріне деген сенім жоқ және бірнеше статистикалық мәліметтермен жұмыс істеуге құзырет жоқ. Қазіргі уақытта есептердің 30% - дан астамы автоматтандырылған. Министрлік 2-3 жылда есептер санын 50% - ға дейін азайтуды көздеп отыр. Алдымен салалық тіркеу деректерінің тізімін анықтаймыз. Әрбір салада негізгі көрсеткіштердің цифрлық есебі пайда болуы тиіс. Бұл да талаптар мен бақылау шараларына қатысты болады», – деп түсіндірді Жамбакин.


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті өз Жолдауында мемлекеттік органдарда шешімдер қабылдаудың жөнсіз стилін сынға алып, артық бюрократияны жоюды тапсырды. 2022 жылғы 14 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа қол қойды.