Оның мәліметінше, сұралғандардың жартысынан көбі көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына қанағаттанған. 

«2021 жылы халықтың қанағаттанушылығын бағалау 73% құрады, бірақ қанағаттанушылықты бағалау медициналық қызмет алған және ДамуМед мобильді қосымшасында сұрақтарға жауап беруге ниет білдірген пациенттерді ғана қамтығанын атап өткім келеді. Халықты медициналық көмектің сапасын басқару процесіне неғұрлым белсенді тарту үшін біз қоғамдық мониторинг және халықпен кері байланыс тетігін пилоттық режимде қоғамдық ұйымның ресурстарымен енгізе бастадық. Өткен жылы бұл жоба сынақтан өтті, ол шынымен де жұмыс істейді. Пилоттық жобаның нәтижелері бойынша біз жобаны министрдің бұйрығына қостық және оны еліміздің барлық өңірлерінде енгізуді жоспарлап отырмыз. Жоба емханаларға тіркелген халықтың белсенді бөлігін тартуды көздейді, мысалы, олар өз пікірлерін айтады, содан кейін бұл пікірлер бойынша медициналық ұйым осы мәселелердің барлығын тікелей шешеді және халықтың осы бөлігіне есеп береді», - деді спикер жаңашылдықтарға тоқтала келе.