«Мысалы, колледж, ЖОО студенттері тағылымдамадан өткенде ол жұмыс өтілі ретінде есептелмейді. Негізгі шектеуші фактор - жас түлек жұмысқа орналасуға барады, ал оның тәжірибесі жоқ. Сондықтан біз тағылымдама кезеңін жұмыс өтілі ретінде санауды ұсынып отырмыз, сонда жұмысқа орналасқан кезде  жастардың кемінде жарты жылдық, 1 жылдық  тәжірибесі болады», - деді халық қалаулысы. 


Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың мәліметінше, «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы» жобаларына 18 млрд теңге қаржы қарастырылған.  


«Бұрын қаржы жұмысқа келген азаматтарды оқытуға жұмсалса, енді жұмыс берушілердің өзіне беріледі. Осылайша, олар келген азаматты практикасы біткеннен кейін міндетті түрде сол жерге жұмысқа алып қалуға міндеттеме алады. Бұл жұмыс берушілерге де көмек болады, жаңадан түскен балаға да мүмкіндік болады.», - деді Тоғжанов.