Ел Президенті бастамашы болған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты көптеген ұсынымдарға дер кезінде ден қойып, оларды ескеруге мүмкіндік берді.
Бұл туралы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мониторингінің қорытындысына арналған брифингте «Ел намысы» АМТ төрағасы Рафаэль Гасанов мәлімдеді. Оның айтуынша, олардың басты мақсаты - нәтижелер туралы ақпаратты көпшілікке жеткізу үшін мониторинг пен талдауды қолдана отырып, азаматтардың мүдделерін қозғайтын уәделерді орындаудың тиімділігі тұрғысынан мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен айқындығы тетіктерін енгізу арқылы биліктің есеп берушілігіне және ақпаратқа қол жеткізуді жүзеге асыру.
«АМТ қызметі алынған деректер жиынтығы, оларды талдау, ұсынымдар және жиналған ақпаратты жариялау түрінде мемлекеттік органдардың жұмысын кідіріссіз түзету мүмкіндігін күшейтеді деп ойлаймыз. Азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің жоғары деңгейдегі тәуелсіз БАҚ алаңдарындағы елдегі ағымдағы жағдай туралы уақтылы хабардар болуы биліктің барлық тармақтарының ашықтығы мен айқындығына алып келеді. Мониторинг туралы ақпарат 3 ірі қала мен 17 облыстан келіп түседі, онда азаматтық қоғам көшбасшыларының топтары құрылған»,-деп атап өтті спикер.