Кездесуге Орталық референдум комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров, Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман қатысты.

Кездесу барысында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының мүшелері 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.

Сонымен қатар референдумды өткізуді құқықтық қамтамасыз ету, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімімен жұмысты ұйымдастыру, референдум өткізуді ақпараттандыру және жариялау, үгіт жүргізу, республикалық референдумға қатысушыларды оқыту, халықаралық байқаушыларды аккредиттеу, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің байқауларға қатысуы, сондай-ақ референдумға дайындық және оны өткізу кезеңінде шағымдар мен өтініштерді қарау мәселелері талқыланды.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Қажеттіліктерді бағалау миссиясы елге ЕҚЫҰ тарапынан іс-шараларды өткізудің орындылығы туралы ұсынымдарды тұжырымдау, сондай-ақ ДИАҚБ үшін барынша қолайлы байқау форматын айқындау үшін сайлау алдындағы жағдайды бағалау және сайлау мен референдумдарды өткізуге дайындық мақсатында жіберіледі.