Сұхбаттасушылар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ БҰҰ, АӨСШК, ЕҚЫҰ және басқа да өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ықпалдастық мәселелерін талқылады. Аталған алаңдардағы ұстанымдардың ұқсастығы мен өзара қолдау атап өтілді.

Тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ағымдағы жылғы тауар айналымының оң динамикасын атап өтіп, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі және көліктік-транзиттік салалардағы өзара ықпалдастықтың перспективалары қарастырылды.

2021 ж. Тауар айналымның көлемі 60,9 млн. АҚШ долл. құрап (+48,1%), бірінші тоқсанында ол 19,7 млн. АҚШ. долл. жетті: экспорт - 30,4 млн. АҚШ долл. (+129,9%), импорт – 466 мың. АҚШ долл. (-50,3%).

Моңғолияға экспорттың негізгі тауарларының қатарына темекі өнімдері, рапс дәндері, нан мен ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, тұқым мен өзге майлы дақылдардың дәндері, тамақ өнімдері, сондай-ақ қозғалтқыштар мен машина жасау өнімдері кіреді.  

Импорт тауарларының құрамына ет пен ет өнімдері, кашемир, жүн өнімдері кіреді. 

Консультациялар барысында Моңғолияда тұрып жатқан 130 мың мөлшеріндегі қазақ диаспорасын қолдау мәселесі ерекше маңызға ие болды.

Екіжақты байланыстар үшін тұрақты әуе және автомобиль қатынастарының болуы да үлкен мәнге ие. 

Сыртқы саяси ведомстволар орынбасарлары екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылы ішіндегі жетістіктерін атап өтіп, жоғарғы және жоғары деңгейдегі саяси диалогты жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстан-Моңғолия сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссиясының жұмысын жандандыруға келісті.