Бүгінгі таңда ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 758 қылмыстық іс бар. Негізгі жүктеме Алматы қаласы тергеушілерінің еншісінде, онда 560 іс тергелуде. Оның айтуынша,  қылмыстық істер бойынша 342,1 млн теңгеге бағаланатын ұрланған мүлік алып қойылды. 
«Бұл ретте біз сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасына ғана емес, сондай-ақ оны барынша жедел аяқтауға екпін қоямыз. 
Күдікті адамдар анықталған және ұрланған мүлік алып қойылған фактілер бойынша  507 адамға қатысты 315 қылмыстық іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданды», - деді спикер. 
Сонымен бірге өз кінәсін ұғынған және өкінген, сондай-ақ келтірілген залалды өтеген 463 күдікті сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде қамаудан босатылды.
Қазіргі уақытта полиция органдарының істері бойынша ауыр қылмыстарды жасады деген күдікпен барлығы 18 адам күзетпен ұсталуда.