ҚР Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы рәміздерінің 30 жылдығы қарсаңында салтанатты іс-шара ұйымдастырды.
Министрлікке қарасты “Заңнама және құқықтық ақпарат институты” басшысы Рамазан Сарпеков өз баяндамасында ұлттық рәміздер еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы, мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі екенін атап өтті.

Ал, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнінің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне ҰҚК Орталық аппаратында және барлық аумақтық органдарында Мемлекеттік Гимнді орындаумен салтанатты іс-шаралар өткізілді.

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің бейнесі. Отанымыздың рәміздерін құрметтеу және қорғау – әрбір азаматтың міндеті.

Мемлекеттік рәміздер – мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Сонымен қатар, барша отандастарымызды және мемлекеттік қызмет саласында жүрген әріптестерді осы ерекше күнмен ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі мен Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құттықтап, Еліміздің мәртебесі биік, тәуелсіздігіміз тұғырлы, рәміздеріміз мәңгі болуын тіледі.