Білім басқармасы басшысының м.а. Роза Ақанова биыл өңірде 106 мың оқушыны белсенді демалыспен, сауықтырумен және еңбекпен қамту жоспарланып отырғанын хабарлады.

- Жазғы науқан кезінде туристік-өлкетану, зияткерлік, спорттық, экологиялық және шығармашылық бағыттар бойынша 784 лагерь жұмыс істейді, - деді спикер. - Бірінші маусымнан бастап мектеп жанындағы лагерьлер іске қосылып, онда 46 мыңнан астам бала демалады.

Роза Ақанова «Балаларға лагерьге жолдама сыйла» акциясы туралы айтып берді.  Акция аясында жалпы сомасы 34 млн.теңгеге 568 жолдама сатып алу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Ақсу қаласының ауылдық аймағына қарасты Сарышығанақ ауылының орта мектебінің 23 оқушысы «Мечта» ғы лагеріне аттанды.

Әбілқайыр Сқақов қала сыртындағы балалар лагерлері мен демалыс орындарының санын арттыруды ұсынды.

- Бейіндік басқарма жазғы демалыс кезінде балалардың демалысын ұйымдастыру тұжырымдамасын ұсынбайды, - деді өңір басшысы. - Бізде барлық ресурстар бар. Басты талап - лагерьдегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың демалысын жайлы ету.  

Облыс әкімі оқушылардың еңбекпен қамтылуы нашар ұйымдастырылғанын атап өтті. Ол өткен жылмен салыстырғанда оқушылар үшін қосымша жұмыс орындары санының азаюын атап өтті. Мысалы, Ақтоғай ауданында бір жыл ішінде еңбек орындарының саны елуден он алтыға дейін қысқарды, ал Баянауыл ауданында оқушылар үшін қосымша жұмыс орындары мүлдем қарастырылмаған.

Баянауыл ауданының әкімі Серік Батырғожинов «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс істеу үшін қосымша 80 орын бөлінгенін хабарлады.  Ауданның курорттық аймағындағы демалыс үйлерінде жүз жоғары сынып оқушыларын жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Жазғы маусымның басталуымен балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше өткір тұр. 5 мамыр мен 31 тамыз аралығында облыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша «Қауіпсіз балалық шақ» кең ауқымды акциясы өткізіледі. Уәкілетті органдар жолдарда, темір жолдарда, темір жол көлігі объектілерінде, су қоймаларының, субұрқақтардың жанында, батуттарда, аттракциондарда қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау мәселелері бойынша іс-шаралар жүргізеді. Сонымен қатар, өңірде балаларды жүзуге үйрету үшін каркасты-модульдік бассейндерді сатып алу мәселесі пысықталуда. Бүгінгі таңда 85 бассейн сатып алынып, тағы 35 бассейнді шомылу маусымының соңына дейін сатып алу жоспарланып отыр.

Облыс әкімі білім басқармасына қалалар мен аудандар әкімдіктерімен, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен, полиция департаментімен және ТЖД бірлесіп, лагерьлерде, демалыс орындары мен су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша шараларды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, ол берілген тапсырмаларды ескере отырып, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.