«Толассыз жауын жауса, Б.Момышұлы даңғылын су басатын. Автобустарға су кіретін. Бұл мәселе шешілді: құбырдың диаметрі ұлғайтылды, қосымша сорғы орнатылып, нөмер жинақтағышын кеңейтеміз. Ең проблемалы учаскелер – Тәшенов, Иманов, Республика, Бараев көшелері. Бұл мәселелер күн тәртібінен алынып тасталды. Тәшенов көшесінде батпақ болды, 42 мың текше метрлік су жинақтағышын орнаттық. Нөсер кәріздерін тазартумен айналысатын арнайы компания құрылды және осы жылдар ішінде нөсер кәрізіне арналған 130 км құбыр салынды. Бұл жұмыс жалғасуда. Жалпы, 146 проблемалық учаскеде мәселе шешілді, ал олардың саны 200-ден асады. Сондықтан жұмыс жүріп жатыр», - деді әкім.
Сондай-ақ, Тельман елді мекенінде тазарту қондырғысы мен магистральдық коллектор, Пригородный елді мекенінде және Алаш тас жолы бойындағы логистикалық орталық ауданында тазарту қондырғысы салынды, бұған дейін Мыңжылдық аллеясы ауданындағы 2 учаскеде нөсер кәрізі мәселесі шешілген болатын.