Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары қамтылуы Қызылорда облысында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында байқалады. Стационарлардағы барлық адамдардың 3% -ы реанимацияда. Реанимациялық төсектердің қамтылуы 8% (581 төсектің 44-і) құрайды.

«Реанимация бөлімшелерінде 44 адам жатыр, оның ішінде басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында – 24 пациент, Қызылорда қаласында – 7 пациент. Вакцинацияланбаған пациенттер 77% немесе 34 адамды құрады. Өкпені жасанды желдету аппараттарына 7 пациент қосылған. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 4, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1 науқастан. 70 және одан асқандар - 6 пациент, 1 - бір жасқа дейінгі бала. ӨЖЖ қосылғандардың біреуі егілген, алтауы егілмеген. Өкпені жасанды желдетудің инвазивті емес аппараттарында - 7 пациент, өз бетінше тыныс алуда - 30. Реанимациялық науқастардың негізгі контингенті - 50 жастан асқандар», - деді спикер. 


Стационарлық ем қабылдап жатқан науқастарға талдау жүргізілді. КВИ жұқтырған 18 жасқа дейінгі балалар 36% құрайды. Ересек пациенттер - 64%, оның ішінде 60 жастан асқандар – 22%. Ауру жұқтырғандар арасында әйелдер басым - 58%. 50%-дан астамында ілеспе аурулар бар. Бүгінгі таңда науқастар арасында 249 жүкті әйел бар.