Өңір басшысы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығымен танысты. Облыста барлығы 38 мектеп 4,6 млрд теңгеге күрделі жөнделіп жатыр. Ақтөбе қаласында тоғыз мектеп жаңартылып жатса, оның ішінде елдегі үздік жүз мектептің қатарына енген № 11 мектеп те бар, аталмыш білім ордасына биыл 85 жыл толады. Мұнда қасбеті жаңартылып, есік-терезелері ауыстырылды, спорт залы жөнделді және т.б. жұмыстар атқарылды. Жөндеу жұмыстары бір аптаның ішінде аяқталатын болады.
 

Облыс әкімі білім басқармасының басшысы Жолдас Батырханға өңірдегі барлық мектептің жөндеу жұмыстарын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Оңдасын Оразалин: «Облыста балалар заманауи талаптарға сай келетін ғимараттарда, кабинеттерде оқу үшін мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса жаңа мектептердің құрылысын бақылауда ұстаңыз. Биыл Есет батыр тұрғын үй алабындағы мектеп пайдалануға беріліп, Батыс-2 шағын ауданындағы мектептің құрылысы басталуы керек»,-деп еске салды.
Айта кетейік, білім басқармасының ақпараты бойынша үш жылдың ішінде облыста жүзден аса мектеп, балабақша мен қосымша білім беретін мектептен тыс мекемелерді күрделі жөндеу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, облыс әкімі Әуе қалашығындағы қазандықтың құрылыс барысымен танысты. Жаңа қазандық осы күзде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда нысанды электрмен жабдықтау және орнатылған жылу механикалық жабдықты автоматтандыру шаралары аяқталып қалды. Бұдан бөлек, Aqtobe su-energy group АҚ қызметкерлері Әуе қалашығын қосымша жылумен жабдықтау көзі болатын ескі қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Облыс әкімі жаңа қазандық уақытында іске қосылып, үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуді тапсырды. «Былтыр осы ауданды жылумен қамтуда іркіліс болған. Сол жағдай биыл қайталанбауы керек», - деді Оңдасын Оразалин.

Облыс орталығында көшедегі жол желісі мен көпқабатты үйлердің аулаларын жөндеу жұмыстары белсенді жалғасып жатыр. Облыс әкімі 2,3 шақырым болатын «Болашақ» тұрғын үй алабындағы жолдың орташа жөндеу, сонымен қатар, Есет батыр көшесіндегі 93 үйдің ауласын абаттандыру жұмыстарының барысын қарап шықты. Жұмысты «Ақтөбе Адал құрылыс» ЖШС мердігер мекемесі орындап жатыр. ЖШС басшысы Сүлеймен Ахметбеков жол жөндеу жұмыстары қыркүйек айының ортасында аяқталатынына сендірді, аулалардың жөндеу жұмыстары да жоспар бойынша жүріп жатыр. Жалпы, «Ақтөбе Адал құрылыс» ЖШС 13 ауланың аумағын жөндеп жатыр.

Бұдан бөлек, облыс әкімі №8 футболдан ОБЖСМ танысты. Футбол ойнайтын шағын аумақты ауыстыру, қасбетін ​ қаптау, кіре беріс жолдарды жөндеу, жүгітені жолдарды жаңарту және т.б. қарастырылған.

«Біз балалар мен жасөспірімдердің бұқаралық спортын дамытуға үлкен көңіл бөліп жатырмыз, бірқатар спорт нысандарын салып жатырмыз. Біздің мақсатымыз – балалар мен ересектердің спорттық ғимараттарға жақын жерден жаяу баруын қамтамасыз ету. ОБЖСМ қайта жаңғыртылса оны футбол федерациясының талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік болады да, осылайша Қобыланды батыр стадионын қайта жөндеу кезінде «Ақтөбе» футбол клубы өз алаңындағы матчтарын осында өткізе алады. Стадионға 50 жыл болды, оның әбден тозығы жеткен. Қалпына келтіруге кем дегенде бір жыл керек», - деді облыс әкімі.

Кейін Оңдасын Оразалин «Келешек» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Нысан «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау түрінде мемлекет қолдауымен жеке инвестиция есебінен салынған. Кешеннің негізгі бөлігі - алаңы 1300 шаршы метр болатын ойын алаңы, оның ерекшелігі еден жабынында, яғни бұл ұлттық баскетбол қауымдастығының стандарттарына сәйкес келетін жарақат алудан сақтайтын материал. ​ Осындай жабындысы бар зал елімізде үшеу ғана, олардың біреуі Ақтөбеде, екеуі Алматыда.

«Алаң волейбол, футбол, баскетбол ойнауға қолайлы. Үлкен сұранысқа ие. Іс жүзінде бос уақыт жоқ», - дейді кешен директоры Виталий Мукин.