Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алкоголь өнімінің пластикалық ыдыстардағы және рұқсат құжаттарынсыз айналымына тыйым салынады.

Бұдан бөлек, тексерілетін объектіде контрафактілік алкоголь өнімін өндіру бойынша жасырын цех, атап айтқанда алкоголь өнімін виски, бурбон және т.б. түрінде дайындау үшін пайдаланылатын айшықты аппарат және құрамында спирт бар сұйықтықтар анықталды.

Алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымы мемлекетке зиян келтіріп қана қоймай, халықтың денсаулығына елеулі зиян келтіретінін атап өту қажет.

Департамент қала тұрғындарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына литріне 1 980 теңге (көлемі 0,5 литр 1 сыйымдылыққа 990 теңге), коньяк пен брендиге литріне 2 930 теңге (көлемі 0,5 литр 1 сыйымдылыққа 1465 теңге)мөлшерінде ең төмен бөлшек сауда бағалары белгіленгенін еске салады.

Сауда объектілері алкоголь өнімін ең төменгі бөлшек сауда бағасынан төмен сатқан жағдайда, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне келесі мекенжай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: Алматы қ., Абылайхан к – сі 93/95 немесе байланыс орталығы 1414.