– Нұр-Сұлтанда көгалдандырумен білікті мамандар айналысады: агрономдар, топырақтанушылар және т. б. Бізде де осындай ұйым ашуды ұсынамыз, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Оның айтуынша, күзде қалада 2000-ға жуық ағаш пен бұта отырғызу жоспарланған. Сондай-ақ өсімдік отырғызу жүргізіледі.

Аппараттық кеңесте "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы баяндалды.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрбек Серіковтың ақпараты бойынша, биылғы көктемде мемлекеттік орман қоры аумағында 253,5 га алаңға жарты миллион көшет отырғызылды, күзде 181,5 га алаңға 700 мың көшет отырғызу жоспарлануда.

Отырғызу материалдарын өсіру үшін орман тәлімбақтарын құру бойынша жобалар әзірленуде.

Су шығынын азайту үшін ирригациялық каналдарды қайта құру қарастырылған. Бұл суармалы жерлерді қалпына келтіруге көмектеседі.

Өңірді таза ұстау үшін облыста 2024–2025 жылдары алты жаңа ҚТҚ полигонын салу жоспарлануда. Басқарма басшысы өз баяндамасында ұлттық жобаның барлық төрт бағытына тоқталды: "Таза Қазақстан", "Үнемді Қазақстан", "Табиғат", "Экология болашағы".

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ұлттық жобаны жүзеге асыру бойынша тапсырма берді. Өңір басшысы тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге жеке инвестициялар тарту қажеттігіне назар аударды.