Жобаның мақсаты – азаматтардың әлеуметтік төлемдерді алу және оларды ҚР Ұлттық Банкінің төлем жүйесі базасында жедел төлемдер жүйесін (ЖМЖ) пайдалану рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған цифрлық төлем құралын жасау болып табылады.

Әлеуметтік әмиянды енгізу үшін құқықтық негіз бекітілді және      Нұр-Сұлтан қаласында «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасын техникалық іске қосу жүзеге асырылды.

Атап өткендей, бүгінгі таңда бала тууға арналған жәрдемақы, бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек "Әлеуметтік әмиянға" аударумен жобаны пилоттауды іске қосу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру аясында биыл Оқу-ағарту  министрлігімен, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде тегін және жеңілдікпен берілетін ыстық тамақты ваучерлеу жөніндегі пилот іске қосылады және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, дәрігер ұсынымына (рецептіге) сәйкес МӘМС және ТМККК шеңберінде дәрілік заттар жөніндегі пилотты іске қосу жоспарлануда.

Еңбекмині-мен бірлесіп «Отбасының цифрлық картасы» мен «Әлеуметтік әмиянды» интеграциялау жүргізілуде. Бұл жүйелерді біріктіру болашақта әлеуметтік көмекке аса мұқтаж отбасыларды анықтауға және оларға проактивті форматта мемлекеттік қолдау шараларын уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Smart Bridge платформасында бала туу және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алу кезінде әлеуметтік әмиянды таңдау мүмкіндігі үшін «Әлеуметтік әмиянды» «электрондық үкімет» веб-порталымен интеграциялау мақсатында мынадай қызметтер қосылған және жарияланған.