Ынтымақтастық кеңесінің мүшелері ретінде Сауд Арабиясы Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн Мемлекеті, Оман Сұлтандығы, Катар Мемлекеті және Кувейт Мемлекеті екені белгілі.
Отырыс барысында сыртқы сауда ведомстволарының басшылары өңіраралық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ өзекті халықаралық мәселелерді талқылады.

Министр М.Тілеуберді өз сөзінде Орталық Азия мен Парсы шығанағы елдері арасындағы, оның ішінде көпжақты форматтағы белсенді саяси диалогты атап өтіп, Парсы шығанағы елдерін агроөнеркәсіптік кешен, сауда, ақпараттық технологиялар, энергетика, көлік және транзит сияқты салалардағы өзара іс-қимылды арттыруға шақырды. Ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне және АӨСШК VI Саммитіне дайындық барысы туралы хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша саяси диалог пен қауіпсіздік, экономикалық және инвестициялық, сондай-ақ Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сияқты өзара іс-қимыл салаларын қамтитын 2023-2027 жылдарға арналған стратегиялық диалог пен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды.

Іс-шара аясында Министр Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі ханзада Фейсал бен Фархан бен Абдулла Әл Сауд, Кувейт Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Ахмад Нассер әл-Мухаммад әл-Сабах, Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрі Бадр бен Хамад Әл-Бусаиди, Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрі Абдуллатиф бен Рашид Әл-Заяни, Түрікменстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сиродджин Мухриддин және ПШАМЫК Бас хатшысы Наиф Хаджрафпен бөлек екіжақты кездесулер өткізді.