Бұл норма «Білім туралы» заңда бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлім етті.
Ауылда жұмысқа орналасқан медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында республикалық бюджеттен 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы және 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде баспаналы болуға жәрдемақы беріледі. 
«Сонымен қатар жергілікті бюджеттен елді мекендердегі мамандарды ынталандыру мақсатында әр дәрігерге 1-2 млн теңге көлемінде қаражат бөлінеді. Атап айтқанда, Қостанай әкімдігімен 5 млн, Солтүстік Қазақстан әкімдігімен 3 млн теңгеге дейін көтерме төлемдер төленеді. Нәтижесінде, 2020-2021 жылы ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарына 1322 түлек жұмысқа орналасты, ол жұмысқа тартылғандардың 94%-ын құрайды. Бұл министрліктің Әкімдіктермен бірлескен жұмысының көрсеткіші болып табылады», - деді ведомство басшысы. 
Биыл ауылдық елді мекендерге медициналық білімі бар 797 түлек жіберілді. Денсаулық сақтау министрі ауылда кадрларды бекіту маңызды мәселе екенін, жергілікті әкімдіктер кадрларды тарту және әлеуметтік қолдау жұмыстарын күшейтіп, жалғастыру қажеттігін атап өтті.