Оның айтуынша, халықаралық компаниялар бойынша өндірістік салада да, алдыңғы қатарлы инвестициялық холдингтерде де терең талдау жүргізілді. 


«Компанияның миссиясы - Қазақстан халқының мүддесі үшін активтердің сараланған портфелі мен бизнес портфелін тиімді басқару арқылы экономиканың тұрақты дамуын анықтау және ұзақ мерзімді құнды құру. Біз бизнес үшін экожүйе құратынымызды жарияладық. Негізгі басымдықтар ретінде орнықты даму, сондай-ақ активтер портфелін тиімді және белсенді басқару жарияланатын болады.  Бұл ретте «Самұрық-Қазынаның» Қазақстан экономикасындағы үлесі 2032 жылға қарай 5%-ға дейін төмендейді, сондай-ақ атмосфераға көмірқышқыл газы шығарындыларын 10%-ға азайтатын боламыз», - деп атап өтті спикер. 


Сонымен қатар, таза активтердің құнын арттырудың негізгі міндеттері белгіленді. Еңбек өнімділігін арттыру, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, қаржылық тұрақтылық, активтерді жаңғырту, портфельдік компаниялар басшыларының дербес жауапкершілігін арттыру бойынша мақсат қойылды.