«Процестердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін деперсонализацияланған айқаспалы және толассыз мониторинг жүргізуді көздейтін ақпараттық жүйе әзірленіп, сынақтан өткізілуде. Бұл, алдымен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды. Сарапшыға медициналық көмек алатын пациенттің бағытын көруге мүмкіндік береді. Қор медициналық қызметті алу фактісін растау үшін жеке верификация тетігін енгізуді жоспарлауда. Әрi қарай дәл осындай механизм медициналық көмектің сапасын бағалау үшін де қолданылады. Осылайша, адамдар қандай қызметтерді алғандарын және қандай мөлшерде алғанын көре алады, ал Қор көрсетілген медициналық қызметтер үшін қаражат төлеу кезінде осыны ескереді. Азаматтардан шағым түскен кезде, олардың көпшілігін медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтері деңгейінде, осы бөлімшелерде жүйелі жұмыс болған кезде шешуге болатындығы анық. Осыны ескере отырып, медициналық ұйымдармен бірлесіп ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысына жүйелі тәсілдер пысықталуда», - деді спикер.
Қордың басқарма төрағасының айтуынша, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына тікелей әсер ететін жалпы проблемаларды шешу үшін медициналық ұйымдардағы менеджмент деңгейін арттыруға, жергілікті атқарушы органдардың материалдық-техникалық базаны, медицина кадрларын жаңартуға қосымша қаражат тартуына жүйелі тәсілдер қажет. Бұл ретте, денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін Қор, көрсетілетін медициналық қызметтерді қаржыландыру бөлігінде сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыруды ынталандырады.