Жұртшылық жолдарды, білім беру және демалыс мекемелерін жөндеу, реконструкциялау, сондай-ақ салу мәселелерін көтерді.

Жергілікті тұрғындар ұзындығы 2,5 км кентішілік жолдарды жөндеу және кірме жолға орташа жөндеу жүргізуді сұрады. Жобалардың жалпы құны 156 млн. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары жергілікті мектептің жағдайына шағымданды. 1987 жылы іргесі қаланған оқу ордасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесуді сұрады. Бәйет ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде соңғы рет күрделі жөндеу жұмыстары 2010 жылы жүргізілген.

Министр білім беру мекемесінің жағдайын жеке өзі тексеріп, мәселені бақылауға алуға уәде берді. Мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жобасын қаржыландыруды 2023 жылы бюджетті нақтылау кезінде қарастыруға болады, - деді ол.

Сондай-ақ, Бәйет ауылының тұрғындары жаңа Мәдениет үйін салудың қажеттілігін айтты. Олардың сөзінше, қазіргі мәдени нысан ауқымды іс-шаралар өткізуге және ауыл тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыруға жарамайды. Есеп бойынша жобаның құны 315 млн. теңгені құрайды.

Ауыл тұрғындарының проблемаларын мұқият тыңдап, министр бүгінгі таңда елді мекеннің даму қарқынын ескере отырып, Бәйет ауылын даму әлеуеті бар ауылдардың тізбесіне енгізу туралы мәселе қарастырылып жатқанын атап өтті. 2023 ж. Павлодар облысы бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында көшелерді, әлеуметтік, инженерлік, көлік инфрақұрылым объектілерін күрделі және орташа жөндеуге 4,2 млрд. теңге қарастырылған. Жобалар тізбесін жергілікті атқарушы органдар қалыптастырады.

Ағымдағы жылы облыстың 24 елді мекенінде 83 жобаны іске асыруға 6,2 млрд. теңге бөлінді.

Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Ә.Қуантыров Екібастұзға барды. Қала әкімі Аян Бейсекин Моноқаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы және жалға берілетін тұрғын үй құрылысының барысы туралы баяндады. 9 көпқабатты тұрғын үйлердің 4-і пайдалануға берілді.

ҚР ҰЭМ моноқалаларды қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Биыл оларды дамытуға 18,6 млрд. теңге бөлінді

Сондай-ақ, ведомство басшысы «Проммашкомплект» ЖШС теміржол дөңгелектерін шығаратын зауытын аралады. Ағымдағы жылы кәсіпорында 200 мыңға жуық бірлік өнім шығару жоспарлануда. Зауыт 70% өнімін шетелге экспорттайды. Өндірісте 720-дан астам адам жұмыс істейді.

Министр өнеркәсіптік кәсіпорындар мемлекеттің дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Олардың саны өсу керек. Импортқа тәуелділікті айтарлықтай төмендету ел үшін өте маңызды,-деді ол.