Бүгін Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі арасында музей ісі, ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл құжат түркі дәуірінің ескерткіштерінде бірлескен ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыруға, музей ісі саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау мен қалпына келтіруге, мәдени мұраны қорғау, сақтау және танымал ету саласында қайта даярлау курстарын өткізуге, ұйымдастыруға жәрдемдесуге және т.б. бағытталған.
Сондай-ақ мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум музыка, театр өнері салаларындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ екі елдің мәдениет саласы қызметкерлерінің тағылымдамадан өтуін жолға қою, ақпарат алмасуларына бағытталған.
Сонымен қатар Қазақстан мен Катар мемлекеті спорт саласындағы 2023-2025 жылдарға арналған алғашқы атқарушы бағдарламаға қол қойылды. Бағдарлама спорт саласындағы қызметкерлердің тағылымдамаларын, семинарларын ұйымдастыру арқылы спорт мәселелерімен байланысты тәжірибе және ақпарат алмасуды көздейді. Сондай-ақ, мәдениет және өнер саласындағы 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламаға да қол қойылды. Құжат шеңберінде кітапхана саласында тәжірибе алмасу және мәдени мұраны, архив ісін сақтау, сондай-ақ музыкалық фестивальдар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру арқылы мәдениет саласындағы ынтымақтастық жүзеге асырылатын болады.
Катар мемлекетімен туризм және имидждік іс-шаралар саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы тағы бір меморандумға қол қойылды. Ол екі елдің туристік агенттіктері арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, туризм саласына инвестицияларды ынталандыруға, сондай-ақ туристер үшін тартымды көрмелер мен конференцияларды қоса алғанда, әртүрлі имидждік іс-шараларды өткізуге жәрдемдесуге бағытталған.