Оның айтуынша, бүгінгі күні еліміз бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер 41 дағдарыс орталығында көрсетіледі, оның 14-і мемлекеттік, 27-сі мемлекеттік емес. Бұл орталықтар Абай және Алматы облысын қоспағанда, республиканың 18 өңірінде жұмыс істейді. Абай және Алматы облыстарында дағдарыс орталықтарын құру қажеттілігі бар. 

Орталықтарды ұстау жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бөлінген қаражат көлемі шамамен 1,4 млрд теңгені құрайды.

Орталықтарда зардап шеккендерге қызметтер тәулік бойы 6 айға дейін немесе күндізгі уақытта тәулігіне алты сағат мерзімде көрсетіледі.

Жыл басынан бері орталықтар 3 975 адамды қамтыды, оның ішінде:  

- 3055 адам медициналық көмек алды;

- 277 адам жұмысқа орналастырылды;

- 350 бала мектепке дейінгі балалар мекемелеріне орналастырылды;

- 528 адам құжат алды;

- 764 адам отбасыларымен қайта қауышты.

«Екі фактіге назар аударғым келеді. Бірінші, өтініш білдіргендердің 67%-ы немесе 2 мың 661 зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе куә болған балалар. Екінші, қызметтердің негізгі алушылары көпбалалы отбасылар (220 отбасы) болып табылады.

Егер өңірлік құрылымға қарасақ, көмек сұрағандардың ең көп саны Павлодар облысында – 636 адам, Жетісу облысында – 470 адам, Шымкент қалаларында – 358 адам және Алматы қалаларында – 343 адам. Сонымен қатар, жоғары деңгей Астана қаласында (290 адам), Қызылорда (271 адам), Ақтөбе (265 адам) және Жамбыл (238 адам) облыстарында да байқалады», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр бұл саладағы тәуекелдер 3 негізгі себепке байланысты екенін атап өтті. Олар: зардап шеккендермен постфактум тәсілінде жұмыс істеуде болып отыр; Павлодар, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарын қоспағанда, өңірлерде дағдарыс орталықтарының желісі дамымаған; орталықтардың орналасқан жері зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі үшін қолжетімді емес.

«Бұл проблемаларды шешу зорлық-зомбылықтың туындау ықтималдығы жоғары отбасылармен немесе азаматтармен алдын ала жұмыс істеу тетігін енгізуді талап етеді. Сондықтан уәкілетті орталық органдар мен әкімдерге тапсыруды сұраймын:

- тәуекелдің жоғары ықтималдығы бар мақсатты топты анықтау үшін Отбасының цифрлық картасының мүмкіндіктерін пайдалану;

- тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және профилактикалық институт ретінде жергілікті жерлерде жұмыс істеп тұрған «Бақытты отбасы» отбасыларды қолдау орталықтарын жұмысқа тарту;

- азаматтардың осы санатын жергілікті әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде қосымша әлеуметтік қолдау көрсету, жұмысқа орналасуға және оңалтуға жәрдемдесу мақсатында басым нысаналы топқа қосу;

– жеке сектор субъектілерін тарта отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтік бейімдеу орталықтарының желісін кеңейту мәселесін пысықтау», – деді Тамара Дүйсенова сөз соңында.