Оның айтуынша, бұл жылына қосымша 35 млрд теңге тартуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, электр энергиясына тарифтерді тежеу жөніндегі қазіргі саясатта инфляцияның өсуі толық көлемде ескерілмеді, бұл саланың инвестициялық тартымдылығына да әсер етті.
«Осы тәсілді қайта қарау ұсынылады. Энергия кәсіпорындары жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін инфляция деңгейіне индекстеуді көздейтін болжамды тарифтік саясат талап етіледі. Сондай-ақ электр энергиясын сатудан түскен қаражат және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер есебінен жылу энергиясын өндіруге жұмсалған шығындарды өтеу мәселесі де қайта қаралуы тиіс.
Яғни, қарсы тоғыспалы субсидиялау алынып тасталуы тиіс. Тұтынушылардың жекелеген санаттарын тарифтердің өсу ықпалынан қорғау үшін бүгінгі тәжірибені ескере отырып, атаулы субсидиялау шарттары жасалатын болады. Жылу энергетикасының әлеуметтік аспектісін ескере отырып, инвестицияларды тартуды ынталандыратын және инвестицияларды қайтару кепілдігін қамтамасыз ететін гибридті модельді енгізу қажет болады, ол жылу энергетикасын бюджеттік қаржыландырудың қолданыстағы тетіктерінен және меншік иелерінің инвестициялау жөніндегі тиісті міндеттемелерінен тұратын болады», - деді ведомство басшысы.
Өз кезегінде, энергетикалық кәсіпорындар үшін өз активтерін дамыту үшін тарифтерден алынатын қаражаттан басқа, өз қаражатының бір бөлігін салу бойынша қарсы міндеттемелер енгізілетін болады.
Сонымен қатар ұсынылып отырған шараларды толыққанды іске асыру үшін «тарифті инвестицияларға айырбастау» саясаты шеңберінде алынған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына уәкілетті органның бақылау жүргізу функцияларын қайтару, сондай-ақ салынған инвестициялар шеңберінде қол жеткізілуі тиіс көрсеткіштерді белгілеу қажет.