Атап айтқанда, «онлайн-көрсетілетін қызметтер сапасының индексі» бойынша біздің еліміз 8-орынға ие болды.


«ҰАТ» АҚ еліміздің «электрондық үкіметінің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының бірыңғай операторы ретінде Қазақстанды цифрландыруды дамытуда үлкен рөл атқарады. Бүгінгі таңда смартфонсыз өз өміріңізді елестету мүмкін емес. ЕGov mobile мобильдік қосымшасы цифрландыру өнімдерінің бірі ретінде 2019 жылы әзірленді және бүгінгі күні қазақстандықтар арасында үлкен сұранысқа ие. EGov Mobile пайда болуымен және оның функционалдығының кеңеюімен азаматтар үйде отырып, кез келген қажетті анықтаманы алуға мүмкіндік алды. Өз деректеріне қол жеткізу үшін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін азаматтарға смартфондарын пайдалану оңайырақ екенін түсіне отырып, біз ЦИАӨМ-мен бірге eGov Mobile мобильді қосымшасын дамытуға назар аудардық. Осы жылдың наурыз айында қосымшаның интерфейсі жаңартылды және пайдаланушыларға қолайлы болу үшін Интернетке қосылусыз цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкіндігі жеңілдетілді. Егер сандармен айтатын болсақ: қосымшаның көмегімен ай сайын шамамен 1,2 млн мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. 2022 жылы eGov Mobile арқылы 11 млн астам қызмет көрсетілді», - деді спикер.


Бүгінгі таңда eGov Mobile-да 641 мемлекеттік көрсетілетін қызмет қолжетімді, оның ішінде 167 көрсетілетін қызметтер және портал сервистері eGov.kz, e-license порталының жеке тұлғаларына арналған 474 кіші түрлері бар көрсетілетін қызметтер.


Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, 2025 жылға қарай мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 100%-ы eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болады. Жыл соңына дейін 80%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.