Марапаттау рәсіміне Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, мемлекеттік органдардың өкілдері, еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлері, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. 

Министр Д.Қыдырәлі қатысушыларды құттықтап, сыйлықты тапсыру олардың ел дамуына қосқан құнды үлесін мойындау екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, «Дарын» сыйлығы түрлі салаларда 10 номинация бойынша беріледі. 1992 жылдан бастап еліміздегі 300-ден астам дарынды жас аталған сыйлықтың иегері атанды. Осы жылдар ішінде жобаға бірқатар түзетулер енгізілді, бұл айтарлықтай оң өзгерістерге әкелді.

2022 жылы «Дарын» сыйлығының лауреаттары болып 19 жас азамат атанды.

Барлық жеңімпазға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы, әр номинация бойынша диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы беріледі.

«Эстрада» номинациясы:

Құснадин Ақбота

Омаров Нұртас

 «Классикалық музыка» номинациясы:

 Расылхан Шыңғыс

 Алтынбек Әйгерім

 «Халық шығармашылығы» номинациясы:

 Сәденов Таңат

 Қамажан Аяулым

 «Әдебиет» номинациясы:

 Талапов Шерхан

Төлтай Файзолла

 «Театр және кино» номинациясы:

Серікболова Назерке

Әбіл Мирас

 «Спорт» номинациясы:

Асаубаева Бибісара

Әбдімәлік Жансая

 «Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы:

Төлеп Алмас

Жабағин Арнұр

 «Журналистика» номинациясы:

Әбделиев Шерхан

 «Қоғамдық қызмет» номинациясы:

Набиева Оксана

Жұмырбаев Тимур

 «Ғылым» номинациясы:

Егізбек Камила

Машуров Фарух.