АЛТК төрағасы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов 2020-2022 жж. АӨСШК-те қазақстандық төрағалықтың басты саяси нәтижесі 2022 жылғы қазанда Астанада сәтті өткізілген Кеңестің 6-шы Саммиті болғанын атап өтті.
Ә. Тұрсынов Саммите бірқатар маңызды құжат, атап айтқанда Азия кеңесін толыққанды халықаралық ұйымға кезеңдік айналдыру бойынша құрылымды және инклюзивті келіссөздер процесін іске қосқан АӨСШК трансформациясы жөніндегі Астана мәлімдемесі қабылданғанын баса айтты. Бұдан басқа, АӨСШК 6-шы Саммиті барысында Кувейт АӨСШК-ге 28-ші мүше мемлекет мәртебесін алды, ал Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғаннан кейін Азия кеңесінің 6-шы әріптес ұйымы болды.
Сонымен қатар мүше мемлекеттер 2022-2024 жж. АӨСШК қызметіндегі Қазақстан төрағалығының көзқарасы туралы хабардар етілді. Атап айтқанда, Қазақстан Форумның одан әрі институцияландыру бойынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын жүзеге асыруға, АӨСШК трансформациясын ілгері бастыруға, АӨСШК нормативтік-құқықтық базасын жаңартуға, сыртқы байланыстарды кеңейтуге және т.б. күш салатыны атап өтілді.
АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай Хатшылықтың қызметі және Азия кеңесінің сенім шараларын бес өлшемде іске асыру барысы, сондай-ақ 2023 жылы сенім шараларын іске асыру бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
АЛТК отырысының нәтижесінде «Туризм» және «Ауыл шаруашылығы» басым салаларындағы тұжырымдамалар, Сенім шараларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары және 2023 жылға арналған АӨСШК іс-шараларының күнтізбесі бекітілді, АӨСШК Хатшылығының 2023 жылға арналған бюджеті және оның штаттық құрылымы мақұлданды.