Мемлекеттік органдардың, ірі сауда желілерінің өкілдері, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер азық-түлікті уақтылы жеткізу, сауда үстемесін сақтау, мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру және т. б. мәселелерді талқылады.

Арман Шаққалиевтің айтуынша, баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысы күшейтілді, олардың негізгі міндеттері өнімсіз делдалдарды анықтау және болдырмау болып табылады.

«Өнімсіз делдалдар осы ЭШФ деректері арқылы өңірлердегі ӘМАТ өндірушілерімен және сатушыларымен анықталған бұзушылықтар тәуекелдерін одан әрі егжей-тегжейлі пысықтай отырып анықталатын болады. Өндірушілермен және көтерме саудагерлермен жұмыс істеуге басты назар аударылатын болады, өнім бағасының өсу себептері анықталатын болады, нарық субъектілері үшін сауда туралы заңнаманың қолданыстағы нормалары түсіндірілетін болады», - деп атап өтті Арман Шакқалиев.

ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Мемлекеттік кірістер департаментіне, атап айтқанда, камералдық бақылау басқармасына өңірлік комиссиялармен жұмысты белсенді түрде құруды ұсынды.

«Мораторий енгізілгені түсінікті, бірақ бұзушылықтар анықталған кезде оларға жедел ден қоюға мүмкіндігіміз бар. Мысалы, келесі жылдан бастап ҚР СИМ СК сауда департаменті мемлекеттік бақылау бойынша функционал алады»,-деп толықтырды бірінші вице-министр.