«Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты жалғастыру мақсатында 2023 жылы 560 мыңнан астам бала мен жасөспірімді қамту үшін жергілікті атқарушы органдардан 86,7 млрд. теңге бөлінді», - деді министр.

Сонымен қатар, министр оқыту сапасын жақсартуға және педагог мәртебесін арттыруға бағытталған өзгерістер туралы айтты. Мәселен, Спорт мектептерінің педагогтары мен жаттықтырушылары үшін апта сайынғы оқу жүктемесі 24 сағаттан 18 сағатқа дейін төмендетіледі. 

Ол мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына олардың біліктілігіне қарай 6 мың теңгеден 22 мың теңгеге дейін әр категория үшін үстемақы енгізілетінін айтты. Бұл инновациялар 2023 жылдан бастап күшіне енеді.

«Мемлекет басшысы балалар спортын дамытуға және педагог мамандығына қызығушылықты арттыруға көп көңіл бөледі. Осы ретте спорттық бағыттар назардан тыс қалмайды. Біз жаттықтырушы-оқытушыларға топтарды басқарғаны және спортшыларды жоғары тұрған спорт ұйымдарына, сондай-ақ спорттық атақтарға ұсынғаны үшін үстемеақылар мен қосымша ақылардың жаңа түрлерін енгізуді жоспарлап отырмыз. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз және сала қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыда қолдау үшін жаңа шешімдер қабылдаймыз», - деді мәдениет және спорт министрі.

Бұдан басқа, тірек ауылдарда тез салынатын модульдік спорт ғимараттарын салу және дене шынықтыру үшін қолжетімді инфрақұрылым яғни спорт алаңдары, жүгіру және велосипед жолдары, жаяу, сондай-ақ атпен жүретін туристік маршруттар құру жоспарланып отыр.

«Ол үшін ең алдымен еліміз бойынша жұмыс істеп тұрған спорт нысандарын «ауқымды түгендеу» жұмыстарын жүргізетін боламыз», – деді министр.