Оның айтуынша, мерзімді әскери қызметтен өткендер ҰБТ-ны есепке алмағанда, ақылы негізде күнтізбелік жыл ішінде еліміздің барлық жоғары оқу орындарына түсе алады. Сонымен қатар жауынгерлік даярлық бойынша жоғары нәтиже көрсеткен тұлғалар ЖОО ұсынатын 100% жеңілдікті ескере отырып, ЖОО-да оқуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ олар еліміздің барлық жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында тегін және емтихансыз оқи алады. 


«Әскерде қызмет еткеннен кейін олар запастағы қатардағы жауынгер болады, ал егер олар офицерлік шен алмақ болса, онда әскери кафедраға түсіп, запастағы лейтенант бола алады», – деді спикер. 


Бұдан басқа, мерзімді әскери қызмет өткерген және жоғары нәтиже көрсеткен адамдар емтихансыз ҚР ҚМ әскери оқу орындарына түсе алады. 


Жастарға жеңілдіктер алу үшін ХҚКО-ларда берілетін мерзімді әскери қызметті өткеру туралы анықтаманы және әскери билеттің көшірмесін, сондай-ақ ЖОО-ға қажет құжаттарды ұсынады. 

«Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінің бастамасын ел бойынша 40-қа жуық ЖОО қолдады, олармен 100% жеңілдік беру туралы келісімдерге қол қойылды. Жалпы орындар саны 3 мыңға жуық», - деді Айгүл Төлембаева.