Генерал-майор атап өткендей, денсаулық жағдайы бойынша жарамды, ҰБТ-ның 5 пәні бойынша кемінде 50 балл жинаған, оның ішінде бейіндік пәндердің біреуі бойынша кемінде 7 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 4 балл жинағандар 15-20 шілде аралығында әскери институтқа құжаттарын тапсыра алады. 

«Қабылдау кезеңінде талапкерлер әскери институттардың аумағында орналасады және жабдықтау нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі. Азаматтарды әскери оқу орындарына қабылдау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: I кезең – кәсіптік-психологиялық іріктеу; II кезең - әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық тексеру; III кезең - дене дайындығын тексеру; IV кезең - конкурстық іріктеу және қабылдау», - деді спикер.


Конкурстық іріктеумен қабылдау комиссиясы айналысады және оқуға түсушілердің ең жоғарыдан ең төменге дейінгі балдарының рейтингін жасайды. Рейтинг әскери институттың қабылдау комиссиясының хаттамасында ресімделеді. 

Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жылының 6 тамызы сағат 10.00-ге дейін жарияланады және әскери институттың интернет-ресурсында жарияланады.