Онда кейде еңбек құлдығына әкелетін еңбек көші-қонына қатысты сұрақтар көп қойылды.
«Жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктері - өзін-өзі реттейтін ұйым. Олардың қызметін мемлекет тарапынан лицензиялау көзделмеген. Алайда, осы салада туындайтын проблемаларға байланысты бұл мәселелер тұжырымдамада көрініс тапқан. Мысалы, порталда міндетті түрде тіркеу және төтенше жағдайлар немесе форс-мажор туындаған жағдайда ортақ жауапкершілік енгізіледі. Комитет еңбек мигранттарының жөнелтілуін, жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің есептерін, сондай-ақ дайындық алдындағы рәсімдерді бақылайды», - деді спикер.
Заңнамалық жаңашылдықтарға сәйкес, Комитет енді азаматтарымыздың шетелде жұмысқа орналасу мәселелерін реттеуді ведомствоаралық үйлестірумен айналысатын болады.
Спикердің айтуынша, қазір АҚШ, Ұлыбритания, БАӘ, Катар, ЕО және ТМД мемлекеттері сияқты елдермен екіжақты қарсы шарттар жасасу мәселелері пысықталуда. Яғни, егер еңбек мигрантына Қазақстанда оның құқықтары мен мүдделерін қорғауға, әлеуметтік пакетінің сақталуына кепілдік беретін болсақ, онда екінші тарап та сол жерде еңбек келісімі бойынша жүрген азаматтарымыз үшін де сондай кепілдік береді.
Мысалы, Корея Республикасымен квоталар туралы келісім жасасу көзделіп отыр. Кейбір мәліметтер бойынша, бүгінде Оңтүстік Кореяда 35 мың қазақстандық, оның ішінде 25 мың этникалық кәріс бар, олар үшін жұмысқа орналасу мен тұрудың жеңілдікті рәсімдері көзделген. Квота 50 мың шегінде көзделеді.