«Әлемде түрлі тәсілдер бар. Бір тәсіл мектеп түлектерінің білім деңгейін анықтайды, екінші тәсіл түлектердің университетте академиялық білім алуға дайындық деңгейін анықтайды», – деді спикер.

Министрлік ҰБТ тәсілдерін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Вице-министрдің айтуныша, биыл сұрақтар саны өзгертілді, контентке көбірек көңіл бөлінді. Сондай-ақ тестологияға, емтиханды жетілдіруге қатысты әдістемелік көмек алу үшін халықаралық сарапшыларды тартуды жоспарланып отыр.

Өз кезегінде, ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев 2017 жылға дейін түлек міндетті түрде ҰБТ тапсырғанын айтты. Өйткені оның нәтижелері бойынша аттестатқа бағалары қойылған.

«2017 жылдан бастап ҰБТ-ның мектеп бағдарламасына және мектеп бағаларына ешқандай қатысы жоқ. Биыл елімізде түлектер саны 140 мыңды құрайды. Оның 82%-ы ерікті түрде ҰБТ тапсыруға ниет білдірді», – деді тестілеу орталығының басшысы.

Оның айтуынша, министрлік ҰБТ форматын кезең-кезеңімен өзгерту бойынша жұмыс жүргізуде.

«Біз үшін ең маңызды міндет, біріншіден, ҰБТ өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету. Екінші міндет – тест тапсырмасының сапасын жақсарту», – деді спикер.

Тестілеу орталығы директорының сөзінше, өткен жылы ҰБТ тапсыру кезінде тақырыптық талдау енгізілді. Осының арқасында түлек жеке кабинетінде тек сандарды ғана емес, жауаптардың дұрыстығының немесе жіберген қателіктерінің тақырыптық талдауын көре алады.

Барлық техникалық жаңашылдықтар ашықтық пен академиялық адалдыққа бағытталған, деп атап өтті Р. Емелбаев.