«Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пандемиядан кейінгі кезеңдегідей құрбандық шалудың екі әдісін ұйымдастырды. Qurban2023.kz платформасы құрылды, осы платформа аясында мұқтаж жандар мен малды құрбандыққа шалғысы келетіндер тіркеліп, өтінім қалдыра алады, оның ақысын төлеп, оларға бейнеесеп қажет пе, жоқ па, соны көрсете алады», – деді Мақсатбек Қайырғалиев.

Спикер осы ұйымдастыру жұмыстарын есепке алу үшін жедел штаб құрылғанын, әр облыста құрбандық шалу процесін ұйымдастырумен айналысатын Зекет қорының өкілдері жұмыс істейтінін атап өтті.

«Осы мақсатта құрбандыққа шалынатын малды сою орындары ұйымдастырылды, мұқтаж жандардың базасы жиналып, осы мәселе бойынша барлық сұрақтарға жауап беретін колл-орталық іске қосылды», – деді ҚМДБ жанындағы Зекет қорының директоры.