Ресми статистика соңғы 1,5 жылда алғаш рет әлеуметтік азық-түлік тауарлары бағасының апталық индексінің төмендеуін тіркеді. Апталық төмендеу көрсеткіші - 0,1%, бір айда – 0% құрады. 2023 жылдың алғашқы алты айында ӘМАТ бағасының индексі 4,2% құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 4 есе аз (17,2%), деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.