Жыл басынан бері 97,3 мың азамат, оның ішінде 25,5 мыңға жуық жұмыссыз, skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасында курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада жалпы 292,9 мың адам, оның 105,9 мыңы 2023 жылы тіркелген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.