Үкімет Қаулысымен Қазақстан Республикасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ел. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында әзірленді, деп хабарлайды Primeminister.kz.