Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындылары бойынша жұмыс отырысы өтті. Ведомство төрағасы Дархан Жазықбаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процестерін цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.