Жыл басынан бері Конституциялық Сотқа азаматтардан 3,5 мыңнан астам өтініш келіп түсті, олардың 3,3 мыңға жуығы өтініштің нысаны, мазмұны мен шарттарына қатысты талаптарға сәйкес келмеді. Алайда өтініш берушілерге барлық кемшіліктер түзетіліп, өтініштер талаптарға сәйкес келтірілген жағдайда қайта жүгіну құқығы бар екендігі түсіндірілді.