Биыл 22 қыркүйектен бастап Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі негізінде «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне елеулі өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер сүт өнімдерінің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндірушілерге өз өнімдерін таңбалау кезінде шығармашылық еркіндік беруге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.