Жыл басынан бері Қазақстанда адам саудасы саласында 110 қылмыс тіркелді, оның ішінде бесеуі пайдалану мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыруға, 14 – жезөкшелікпен айналысуға тартуға, 24 – адам саудасына және 57 іс жеңгетайлық пен притон ұстауға қатысты қозғалды. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Адам саудасына қарсы күрес: құрбандардың құқықтарын қорғау» дөңгелек үстелі барысында ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің Адам саудасына қарсы күрес және қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау басқармасының бастығы Самат Құсетов осындай фактілерді атады.