Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш пен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің Бас хатшысы Қайрат Сарыбай қазақстандық төрағалықтың Азия кеңесіндегі 2023-2024 жылдарға арналған басымдықтарын іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қойды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.